Астана қаласында оқушылар арасында география пәнінен ұлттық олимпиаданың республикалық кезеңі өтті

🏆🏆🏆 2024 жылғы 13-17 мамыр аралығында Астана қаласында 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен ұлттық олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.
🖇️ Олимпиадаға Жетісу облысынан 2 оқушы қатысты.
🥉 Талдықорған қаласындағы М.Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейінің 8-сынып оқушысы Бекбол Дарын III орын иеленді;
🔅 Қаратал ауданы, С.И.Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Елтай Бексұлтанға олимпиада сертификаты табысталды.

7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің 2 күні

⚜️ 2024 жылғы 8 ақпанда жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің 2 күні өткізілуде.

⚜️ Олимпиада екі бағытта өткізілуде. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі және ағылшын тілі пәндерінен.

⚜️ Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша математика, информатика, география, физика, химия, биология пәндерінен өтуде.

⚜️Барлық оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

7-8 ақпан күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық/қалалық) кезеңі

📌 2024 жылғы 7-8 ақпан күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық/қалалық) кезеңі өткізілуде.

📌 Олимпиадаға Жетісу облысы бойынша 8 аудан, 2 қала және 4 мамандандырылған лицейден жалпы 3 865 оқушы қатысуда.

Барлық оқушыларға сәттілік тілейміз!

Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы

🔰«Ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы» республикалық олимпиадасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 1 наурыздағы №53 бұйрығының
1 қосымшасы негізінде өткізіледі.

Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық мектептердегі талантты оқушылардың қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау.

Олимпиадаға қатысу үшін ауыл мектептерінің 6-сынып білім алушылары шақырылады.

https: //1000bala.elumiti.kz сайтында ағымдағы жылдың

1 ақпан – 10 наурыз аралығында мұғалімдерді (6 сыныпқа сабақ беретін математика, «Қазақ тілі» қазақ сыныптарында, «Орыс тілі» орыс сыныптарында, ағылшын тілі, жаратылыстану пәнінің мұғалімдері),10 ақпан – 10 наурыз аралығында оқушыларды тіркеу жүргізіледі.

Жетісудың жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

🔖🔖🔖 Еліміздің елордасы Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының жүлдегерлерін «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығының мамандары, ата-аналар, ұстаздар ерекше ықыласпен қарсы алып, құттықтады.

🥇🥈🥉 Жетісу облысы бойынша олимпиадаға 40 оқушы қатысып, 22 оқушы жүлделі орынмен (6 алтын, 6 күміс, 10 қола медаль және 5 грамота) оралды.

Напишите или позвоните в наш колл-центр