Ең үздік ауыл мектебі — 2024

🏆 Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада көрсеткен үздік нәтижелері үшін Жетісу облысының екі бірдей мектебі «Ең үздің ауыл мектебі — 2024» атағына ие болды! Көксу ауданы, Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы және Алакөл ауданы, Қабанбай №1 орта мектебі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

💫 Құттықтаймыз!

«Жыр алыбы- Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы

🔰2024 жылғы 8 ақпанда жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасындағы «Жыр алыбы- Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.

🏆Бас жүлдені жеңіп алған қатысушылар айтыстың қорытынды кезеңіне қатысады. Жас ақындарымызды марапттарымен құттықтаймыз!

7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің 2 күні

⚜️ 2024 жылғы 8 ақпанда жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің 2 күні өткізілуде.

⚜️ Олимпиада екі бағытта өткізілуде. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі және ағылшын тілі пәндерінен.

⚜️ Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша математика, информатика, география, физика, химия, биология пәндерінен өтуде.

⚜️Барлық оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

7-8 ақпан күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық/қалалық) кезеңі

📌 2024 жылғы 7-8 ақпан күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық/қалалық) кезеңі өткізілуде.

📌 Олимпиадаға Жетісу облысы бойынша 8 аудан, 2 қала және 4 мамандандырылған лицейден жалпы 3 865 оқушы қатысуда.

Барлық оқушыларға сәттілік тілейміз!

“Жетісу дарыны” орталығы Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті арасындағы меморандумы аясында

2024 жылғы 02 ақпан күні университет қызметкерлерінің Талдықорған қаласындағы Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицей оқушыларымен кездесуін ұйымдастырды.
Кездесу барысында университет бағдарламалары, академиялық мүмкіндіктері мен материалдық-техникалық базаларының презентациясы жүргізілді. Оқушылар өз сұрақтарын қойып, жауаптарын тапты. Қызығушылық танытқандар сауалнамалар толтырды.

«Ұлттық құндылықтарға заманауи көзқарас және үздік тәжірибе» тақырыбындағы кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңесі

🔖🔖🔖 2024 жылғы 30-31 қаңтар аралығында «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығының директоры С.Жумагельдина және Талдықорған қаласындағы №20 мамандандырылған лицейі мен Талдықорған қаласындағы М.Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейінің басшы өкілдері «Дарын» РҒПО-ның «Ұлттық құндылықтарға заманауи көзқарас және үздік тәжірибе» тақырыбындағы кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңесінің жұмысына қатысты.
✅✅✅ Жиынның мақсаты: еліміздің интеллектуалды элитасы – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен байланыстыра оқыту нәтижесінде инновациялық тәжірибелерді тарату.
📒📒📒 Делегаттар жиын барысында: «Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі», «Заманауи сабақ: цифрлық келешек және ұлттық мүдде» тақырыбындағы шебер-сыныптарға қатысып, Атырау облысының мамандандырылған білім беру ұйымдарының озық тәжірибесімен танысты.

Жетісудың жеңімпаздарына құрмет көрсетілді

🔖🔖🔖 Еліміздің елордасы Астана қаласында өткен ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының жүлдегерлерін «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығының мамандары, ата-аналар, ұстаздар ерекше ықыласпен қарсы алып, құттықтады.

🥇🥈🥉 Жетісу облысы бойынша олимпиадаға 40 оқушы қатысып, 22 оқушы жүлделі орынмен (6 алтын, 6 күміс, 10 қола медаль және 5 грамота) оралды.

Заключительный этап ХІХ республиканского конкурса исследовательских проектов и творческих работ «Зерде» по секциям общественно-гуманитарного направления

🔰30 января 2024 года проводится заключительный этап ХІХ республиканского конкурса исследовательских проектов и творческих работ «Зерде» по секциям общественно-гуманитарного направления.

📚 Цель конкурса – развитие у детей навыков исследовательской деятельности и стимулирования интеллектуально-творческого потенциала школьников младшего и среднего возраста.

📌 Конкурс «Зерде» проводит РНПЦ «Дарын» на базе санатория «Щучинский» Акмолинской области.

🏆 По общественно-гуманитарному направлению принимают участие 14 проектов, 15 учащихся области. Желаем удачи команде области Жетісу.

Напишите или позвоните в наш колл-центр