Облыс бойынша 8 ауданының ауыл мектептерінен 400 ден астам 8 ші сынып оқушылары «IQANAT» олимпиадасында білімін сынақтан өткізді. Республикалық дода маусым айында Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін болады.
Category Archives: Конкурстар
Тараз қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының төртінші қорытынды кезеңі
🔰2024 жылы 26 ақпан -1 наурыз аралығында Тараз қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының төртінші қорытынды кезеңі өткізіліп жатыр.
📚Байқаудың негізгі мақсаты:
Оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.
🏆Конкурсқа облыс атынан 17 жоба , 22 оқушы қатысып жатыр. Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!
Робототехника бойынша «Central Asia First Championship-2024» чемпионаты
🔰 2024 жылғы 23-25 ақпан күндері Астана қаласында 1-11(12) сынып оқушыларына арналған робототехника бойынша «Central Asia First Championship-2024» чемпионаты өтті. Жетісу облысының AJT құрама командасы командалық есепте III орынды иеленді.
AJT командасының құрамында: 1. Шарипов Нұрасыл- Талдықорған қаласы, №28 IT мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы; 2. Жақсылық Абылайхан- Талдықорған қаласы, №28 IT мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы; 3. Тұрсынбекұлы Жанибек – Талдықорған қаласы, С.Мұратбеков атындағы №9 орта мектебінің 9-сынып оқушысы; 4. Чакаров Алихан – Талдықорған қаласы, №29 орта мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы; 5. Бақытжан Мади – Талдықорған қаласы, М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы; 6. Диханбекова Диана – Талдықорған қаласы, М.Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейінің 6-сынып оқушысы.
💫 «Central Asia First Championship» чемпионатының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХІХ республикалық “Зерде”конкурсы өз мәресіне жетті
🔰«Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен Ақмола облысы Щучье қаласында жаратылыстану-математика бағыты бойынша өткізіліп жатқан 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХІХ республикалық “Зерде”конкурсы өз мәресіне жетті.
🏆Жетісу облысынан 10 оқушы 10 жобамен қатысып 5 оқушы, 5 жоба жүлделі орынды иеленді, 4 оқушы грамотамен марапатталды және барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
Робототехника бойынша «Central Asia First Championship» чемпионаты өтеді
🧑🏻💻 2024 жылғы 23-25 ақпан күндері Астана қаласында 1-11(12) сынып оқушыларына арналған робототехника бойынша «Central Asia First Championship» чемпионаты өтеді. Жетісу облысынан 2 команда: Талдықорған дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицей-интернатының «SKY» командасы, Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайының AJT командасы қатысуда.
⏳ Конкурстың мақсаты – оқушылардың зияткерлік, шығармашылық, инженерлік-техникалық әлеуетін ашу, шығармашылық ойлауды дамыту және түпкілікті цифрлық технологияларды қолдану арқылы алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешуге стандартты емес көзқарасты дамыту, ғылыми-техникалық дағдыларды арттыру және мектеп оқушыларының робототехника және сенсорлық саласындағы техникалық жобалау мен бағдарламалауға ынтасын арттыру.
⌛ Конкурс үш номинация бойынша өтеді: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас).
💫 «Central Asia First Championship» чемпионатының қатысушыларына сәттілік!
Ең үздік ауыл мектебі – 2024
🏆 Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада көрсеткен үздік нәтижелері үшін Жетісу облысының екі бірдей мектебі «Ең үздің ауыл мектебі – 2024» атағына ие болды! Көксу ауданы, Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы және Алакөл ауданы, Қабанбай №1 орта мектебі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
💫 Құттықтаймыз!
«Жыр алыбы- Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы
🔰2024 жылғы 8 ақпанда жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасындағы «Жыр алыбы- Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.
🏆Бас жүлдені жеңіп алған қатысушылар айтыстың қорытынды кезеңіне қатысады. Жас ақындарымызды марапттарымен құттықтаймыз!
Зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХІХ республикалық «Зерде» конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қорытынды кезеңі
🔰 2024 жылғы 30 қаңтарда 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХІХ республикалық «Зерде» конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қорытынды кезеңі өткізілуде.
📚 Конкурс мақсаты – бастауыш және орта буынды оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен оларға қолдау таныту.
📌 «Зерде» конкурсы «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен Ақмола облысы «Щучинск» шипажайының базасында өтіп жатыр.
Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз