Білімдінің орны төр

1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!

Бұл мереке оқушылар үшін жаңа мүмкіндіктің, жаңа белестің бастауы болса, ұстаздар қауымы үшін тың тәжірибе енгізуі басталатын кезең.

Оқушыларды бүгінгі білім күнімен құттықтай отырып, жаңалыққа толы оқу жылына жеңіл бейімделуін, жаңаны жақсы жағынан қабылдай білетін қоғамға сай азамат боп өсуіне тілектестік білдіреміз!
Әр ілімді тереңінен игерерлік зейіндеріңіз ашылып, білім көкжиектеріңіз кең болсын!

Жетісу облысының оқушылары халықаралық олимпиадаларда жүлделі болды

2023-2024 оқу жылында «Дарын» РҒПО-ның жұмыс жоспарына сәйкес 3 халықаралық олимпиадаға қатысты. Байқауларға барлығы 33 оқушы қатысып, оның  ішінде 16 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олардың екеуінің «Түймаада» Халықаралық олимпиадасында бағы жанды.

Саха Республикасында «Түймаада» ХХХІ халықаралық олимпиадасы онлайн форматта өтті. Олимпиадаға «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары қатысып, Исатай Исмағзи информатика пәні бойынша І орын, 500 мың теңгеге сертификат және Әл-Тайыр Сайлаубай математика пәні бойынша ІІІ орын, 250 мың теңгеге сертификат және «Күрделі комбинаторикалық есепті шешуде оңтайлы тәсілді қолданғаны үшін» номинациясын иеленді.

Геометрия пәнінен Х халықаралық Иран олимпиадасында Талдықорған дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатынан 4 оқушысы қатысып, 9-сынып оқушысы Сайлаубай Әл-Тайыр жүлделі ІІІ орын иеленді.

Азия-Тынық мұхиты Халықаралық математикалық олимпиадасына 3 оқушы қатысып, Талдықорған дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Сайлаубай Әл-Тайыр жүлделі ІІІ орын иеленді.

Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында өткен информатикадан ХV Еуразиялық олимпиадасында Талдықорған дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатынан 3 оқушы қатысып, үшеуі де ІІІ орын жүлдегерлері атанды. Олар: Сыдық Асылтай, Исмағзи Исатай, Құдайберген Ахмед қола медалдарға ие болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы және Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұйымдастыруымен 15 мемлекеттен келген жас ғалымдардың қатысуымен Алматы қаласында өткен  «Science Talks – Жас ғалымдардың диалогы» атты ІІІ Халықаралық форумына Жетісу облысынан 10 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі орынға ие болды. Олар: №24 мамандандырылған лицейдің оқушылары Парықалұлы Елдана, Дүйсенбек Жанібек І орын және №20 мамандандырылған лицейдің оқушылары Еренталов Елдос, Ким Тимур ІІ орын иеленді.

Алматы қаласында Ө.Жолдасбеков атындағы 11(12) сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсында Сарқан ауданы, Жетісу орта мектебінің 11-сынып оқушысы Қаният Марлен ерекше жетістігі үшін грамотамен марапатталды.

Астана қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық ғылыми жобалар конкурсында «Күн жүйесі» секция бойынша Талдықорған қаласы №20 мамандандырылған лицейінің оқушылары Тінәлі Дінмұхаммед және Жолмырза Бағдәулет топтық жұмыспен ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды.

Халықаралық «FIRST Lego League» робототехника жарысында Жетісу облысының оқушылары: Бексұлтанов Нұрсұлтан, Нұрболат Алинұр, Нұржан Жантөре 2 орын күміс жүлде иегерлері атанды.

ХХХІ Халықаралық «Туймаада» олимпиадасында Жетісу облысынан 5 оқушы қатысып, нәтижесінде «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы Исмағзи Исатай информатика пәні бойынша І орын және «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы Сайлаубай Әл-Тайыр математика пәні бойынша ІІІ орын және «Күрделі комбинаторикалық есепті шешуде оңтайлы тәсілді қолданғаны үшін» номинациясын иеленді.

2024 жылдың 22 шілдесінде «Халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен шығармашылық байқаулар» тақырыбында ақпараттық баспасөз конференциясы өтті

✅ Конференция барысында басқарма басшысы Жетісу облысы оқушыларының 2023-2024 оқу жылындағы Халықаралық деңгейдегі жетістіктеріне тоқталып, жуырда өткен ХХХІ Халықаралық «Туймаада» оқушылар олимпиадасының ұйымдастырылуы мен өткізілуі және оқушылардың олимпиадада жеткен жетістіктері туралы баяндады.

⚜️ ХХХІ Халықаралық «Туймаада» оқушылар олимпиадасының алтын және қола жүлдегерлері «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының оқушылары Исмағзи Исатай мен Сайлаубай Әл-Тайыр олимпиада тапсырмаларының құрылымы туралы, олимпиадаға дайындық барысы туралы айтты.

💫 Конференция соңында Халықаралық олимпиада жүлдегерлерінің ата-аналарына және жетекшілеріне басқарма басшысының алғыс хаты берілсе, жеңімпаз оқушыларға ақшалай сертификаттар табысталды.

 

Астана қаласында оқушылар арасында география пәнінен ұлттық олимпиаданың республикалық кезеңі өтті

🏆🏆🏆 2024 жылғы 13-17 мамыр аралығында Астана қаласында 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен ұлттық олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.
🖇️ Олимпиадаға Жетісу облысынан 2 оқушы қатысты.
🥉 Талдықорған қаласындағы М.Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейінің 8-сынып оқушысы Бекбол Дарын III орын иеленді;
🔅 Қаратал ауданы, С.И.Морозов атындағы №51 орта мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Елтай Бексұлтанға олимпиада сертификаты табысталды.

Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының «Бас жүлде» иегерлері

🔰🔰🔰 Талдықорған қаласында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының «Бас жүлде» иегерлері:
🏆 «Ілияс – эпик ақын» бағыты – Бегімбаева Гүлдидар, Ақтөбе облысы
🏆 «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» бағыты – Қуаныш Аян, Түркістан облысы
🏆 «Ілияс – қарасөз шебері» бағыты – Байданов Батырхан, Шымкент қаласы
🏆 «Сұлу сөздің сүлейі» бағыты – Тлеубекова Қарақат, Қызылорда облысы
🏆 «Заманның заңғар тұлғасы» бағыты – Камал Жансерік, Түркістан облысы

Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қорытынды кезеңі өтуде

🔰2024 жылдың 14-17 мамыр аралығында Талдықорған қаласында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының қорытынды кезеңі өтуде.
📌Биылғы Ілияс оқулары ақынның 130 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр.
📚Байқаудың мақсаты: Мектеп оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау.
📌Жалпы республика бойынша «Ілияс Жансүгіров оқуларына» 16 облыс , 3 республикалық маңызы бар қаладан, Назарбаев зияткерлік мектебі мен Абай атындағы мамандандырылған республикалық мектептерінен 120 қатысушы бақ сынағалы отыр.
🏆Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!

Талдықорған қаласы, Ынтымақ ауылы №30 орта мектеп базасында дәстүрлі «IQANAT» республикалық зияткерлік сайысының облыстық кезеңі бастау алды

Облыс бойынша 8 ауданының ауыл мектептерінен 400 ден астам 8 ші сынып оқушылары «IQANAT» олимпиадасында білімін сынақтан өткізді. Республикалық дода маусым айында Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін болады.

Тараз қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының төртінші қорытынды кезеңі

🔰2024 жылы 26 ақпан -1 наурыз аралығында Тараз қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жобалар конкурсының төртінші қорытынды кезеңі өткізіліп жатыр.

📚Байқаудың негізгі мақсаты:

Оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

🏆Конкурсқа облыс атынан 17 жоба , 22 оқушы қатысып жатыр. Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!

Робототехника бойынша «Central Asia First Championship-2024» чемпионаты

🔰 2024 жылғы 23-25 ақпан күндері Астана қаласында 1-11(12) сынып оқушыларына арналған робототехника бойынша «Central Asia First Championship-2024» чемпионаты өтті. Жетісу облысының AJT құрама командасы командалық есепте III орынды иеленді.

AJT командасының құрамында: 1. Шарипов Нұрасыл- Талдықорған қаласы, №28 IT мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы; 2. Жақсылық Абылайхан- Талдықорған қаласы, №28 IT мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы; 3. Тұрсынбекұлы Жанибек – Талдықорған қаласы, С.Мұратбеков атындағы №9 орта мектебінің 9-сынып оқушысы; 4. Чакаров Алихан – Талдықорған қаласы, №29 орта мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы; 5. Бақытжан Мади – Талдықорған қаласы, М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы; 6. Диханбекова Диана – Талдықорған қаласы, М.Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейінің 6-сынып оқушысы.

💫 «Central Asia First Championship» чемпионатының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХІХ республикалық “Зерде”конкурсы өз мәресіне жетті

🔰«Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен Ақмола облысы Щучье қаласында жаратылыстану-математика бағыты бойынша өткізіліп жатқан 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХІХ республикалық “Зерде”конкурсы өз мәресіне жетті.

🏆Жетісу облысынан 10 оқушы 10 жобамен қатысып 5 оқушы, 5 жоба жүлделі орынды иеленді, 4 оқушы грамотамен марапатталды және барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Робототехника бойынша «Central Asia First Championship» чемпионаты өтеді

🧑🏻‍💻 2024 жылғы 23-25 ақпан күндері Астана қаласында 1-11(12) сынып оқушыларына арналған робототехника бойынша «Central Asia First Championship» чемпионаты өтеді. Жетісу облысынан 2 команда: Талдықорған дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицей-интернатының «SKY» командасы, Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайының AJT командасы қатысуда.

⏳ Конкурстың мақсаты – оқушылардың зияткерлік, шығармашылық, инженерлік-техникалық әлеуетін ашу, шығармашылық ойлауды дамыту және түпкілікті цифрлық технологияларды қолдану арқылы алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешуге стандартты емес көзқарасты дамыту, ғылыми-техникалық дағдыларды арттыру және мектеп оқушыларының робототехника және сенсорлық саласындағы техникалық жобалау мен бағдарламалауға ынтасын арттыру.

⌛ Конкурс үш номинация бойынша өтеді: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас).

💫 «Central Asia First Championship» чемпионатының қатысушыларына сәттілік!

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз