31Қаң
Жаңалықтар

«Ұлттық құндылықтарға заманауи көзқарас және үздік тәжірибе» тақырыбындағы кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңесі

🔖🔖🔖 2024 жылғы 30-31 қаңтар аралығында «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығының директоры С.Жумагельдина және Талдықорған қаласындағы №20 мамандандырылған лицейі мен Талдықорған қаласындағы М.Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейінің басшы өкілдері «Дарын» РҒПО-ның «Ұлттық құндылықтарға заманауи көзқарас және үздік тәжірибе» тақырыбындағы кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңесінің жұмысына қатысты.
✅✅✅ Жиынның мақсаты: еліміздің интеллектуалды элитасы – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен байланыстыра оқыту нәтижесінде инновациялық тәжірибелерді тарату.
📒📒📒 Делегаттар жиын барысында: «Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі», «Заманауи сабақ: цифрлық келешек және ұлттық мүдде» тақырыбындағы шебер-сыныптарға қатысып, Атырау облысының мамандандырылған білім беру ұйымдарының озық тәжірибесімен танысты.

Біздің байланыс орталығымызға жазыңыз немесе қоңырау шалыңыз