2023-2024 оқу жылында «Дарын» РҒПО-ның жұмыс жоспарына сәйкес 3 халықаралық олимпиадаға қатысты. Байқауларға барлығы 33 оқушы қатысып, оның ішінде 16 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олардың екеуінің «Түймаада» Халықаралық олимпиадасында бағы жанды.
Саха Республикасында «Түймаада» ХХХІ халықаралық олимпиадасы онлайн форматта өтті. Олимпиадаға «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары қатысып, Исатай Исмағзи информатика пәні бойынша І орын, 500 мың теңгеге сертификат және Әл-Тайыр Сайлаубай математика пәні бойынша ІІІ орын, 250 мың теңгеге сертификат және «Күрделі комбинаторикалық есепті шешуде оңтайлы тәсілді қолданғаны үшін» номинациясын иеленді.
Геометрия пәнінен Х халықаралық Иран олимпиадасында Талдықорған дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатынан 4 оқушысы қатысып, 9-сынып оқушысы Сайлаубай Әл-Тайыр жүлделі ІІІ орын иеленді.
Азия-Тынық мұхиты Халықаралық математикалық олимпиадасына 3 оқушы қатысып, Талдықорған дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Сайлаубай Әл-Тайыр жүлделі ІІІ орын иеленді.
Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында өткен информатикадан ХV Еуразиялық олимпиадасында Талдықорған дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатынан 3 оқушы қатысып, үшеуі де ІІІ орын жүлдегерлері атанды. Олар: Сыдық Асылтай, Исмағзи Исатай, Құдайберген Ахмед қола медалдарға ие болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы және Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұйымдастыруымен 15 мемлекеттен келген жас ғалымдардың қатысуымен Алматы қаласында өткен «Science Talks – Жас ғалымдардың диалогы» атты ІІІ Халықаралық форумына Жетісу облысынан 10 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі орынға ие болды. Олар: №24 мамандандырылған лицейдің оқушылары Парықалұлы Елдана, Дүйсенбек Жанібек І орын және №20 мамандандырылған лицейдің оқушылары Еренталов Елдос, Ким Тимур ІІ орын иеленді.
Алматы қаласында Ө.Жолдасбеков атындағы 11(12) сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсында Сарқан ауданы, Жетісу орта мектебінің 11-сынып оқушысы Қаният Марлен ерекше жетістігі үшін грамотамен марапатталды.
Астана қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық ғылыми жобалар конкурсында «Күн жүйесі» секция бойынша Талдықорған қаласы №20 мамандандырылған лицейінің оқушылары Тінәлі Дінмұхаммед және Жолмырза Бағдәулет топтық жұмыспен ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды.
Халықаралық «FIRST Lego League» робототехника жарысында Жетісу облысының оқушылары: Бексұлтанов Нұрсұлтан, Нұрболат Алинұр, Нұржан Жантөре 2 орын күміс жүлде иегерлері атанды.
ХХХІ Халықаралық «Туймаада» олимпиадасында Жетісу облысынан 5 оқушы қатысып, нәтижесінде «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы Исмағзи Исатай информатика пәні бойынша І орын және «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы Сайлаубай Әл-Тайыр математика пәні бойынша ІІІ орын және «Күрделі комбинаторикалық есепті шешуде оңтайлы тәсілді қолданғаны үшін» номинациясын иеленді.