97 қатысушы, 7 білікті спикер, тәжірибе алмасу және кәсіби даму!
📅 30 қаңтар 2025 жылы «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспары аясында **«Педагогикалық шеберлік және психологиялық үйлестіру бөлімі»** дарынды балалармен жұмыс істейтін математика пәні мұғалімдеріне арналған вебинар ұйымдастырды.
Вебинар барысында педагогтер олимпиадалық есептерді шешу, дарынды оқушыларды анықтау және олармен тиімді жұмыс жүргізу әдістері бойынша маңызды білім алды.
🎙 Спикерлер:
🔹 **Буланов Мұрат Даданбекұлы** – Дарынды оқушылармен жұмыстың ерекшеліктері
🔹 **Есетов Елжан Нұрлыханович** – Олимпиада есептерін шығару
🔹 **Минали Ерзат** – Олимпиадалық есептер арқылы білімді тереңдету
🔹 **Айқынқызы Айбота** – Косинустар теоремасының олимпиада есептеріндегі маңызы
🔹 **Өндіріс Гүлмира Асланқызы** – Олимпиадалық геометриядағы танымал теоремалар
🔹 **Әбдрашит Фариза Болатқызы** – Антье функциямен берілген теңдеулерді шешу
🔹 **Әділбек Жұлдыз** – Дарынды балаларды математика бойынша анықтау
💡 **Іс-шара нәтижелері:**
✔️ Олимпиадаға дайындық бойынша тиімді әдістер талқыланды
✔️ Ерекше математикалық есептерді шешу жолдары ұсынылды
✔️ Дарынды оқушылармен жұмыс істеудің заманауи тәсілдері қарастырылды
📌 Вебинарға қатысқан барлық ұстаздарға алғысымызды білдіреміз! Кәсіби қауымдастықты дамыту мақсатында осындай іс-шаралар ұйымдастыруды жалғастырамыз.
🔜 Келесі кездесулерде жүздескенше!
Write or call our call center